19/05/2024  Жексенбі

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында бюджет қаражатын және мемлекеттік активтерді пайдаланудың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігіне және есепке алу мен есептіліктің анықтығы мен дұрыстығына жүргізілген бақылау нәтижесі туралы

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015 жылдың  17 шілдесіндегі  отырысында Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында бюджет қаражатын және мемлекеттік активтерді пайдаланудың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігіне және есепке алу мен есептіліктің анықтығы мен дұрыстығына жүргізілген бақылау нәтижесі қаралды.

Бақылау нәтижесі бойынша  жалпы сомасы  1 341 789,7  мың теңгеге бюджет қаражатын пайдалануда заңнамалардың талаптары өз дәрежесінде сақталмағаны анықталды.

 

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында бюджет қаражатын және мемлекеттік активтерді пайдаланудың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігіне және есепке алу мен есептіліктің анықтығы мен дұрыстығына жүргізілген бақылау нәтижесінің қорытындысы бекітілсін.

         2.«Маңғыстау облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесіне 2015 жылдың 01 қыркүйегіне дейін(З.Тастемирова)бақылау нәтижесі бойынша:

         1)алдағы уақытта  бюджет қаражатын келісім шартқа сәйкес аудару кезінде орындалған жұмыстар туралы акттардың дұрыстығын және анықтығын тексеруді және олардың заңнамаға сәйкес бекітілген нысанбойынша  жасақталуын қамтамасыз ету;

         2)мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орындау бойынша келісім шарттарда мамандарды даярлау бағыттары мен бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құнын анықтау және оқытуды ұйымдастырудың бағаларының заңнамаға сәйкес белгіленуі бойынша тиісті шаралар алу;

         3)мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруда, тиісті заңнама талаптарын қатаң сақтау;

         4)жіберілген заң бұзушылықтар мен кемшіліктердің алдын-алу, лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар алу тапсырылсын.

         3. «Маңғыстау политехникалық колледжі»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына2015 жылдың 01 қыркүйегіне дейін (бақылаудан кейінгіатқарылған шараларды ескере отырып)  (Ж.Ниталиев):

         1)Қазақстан Республикасының  бухгалтерлік есеп және есептілік туралы заңнамаларын қатаң сақтау;

         2)Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын қатаң сақтау;

         3)орындалған жұмыстар туралы акттардың дұрыстығын және анықтығын және олардың заңнамаға сәйкес бекітілген нысанбойынша  жасақталуын қамтамасыз ету;

         4)жіберілген заң бұзушылықтар мен кемшіліктердің алдын-алу, лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар алу тапсырылсын.

         4.Бақылау қорытындысы бойынша 2015 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тиісті шаралар қабылдап, қаулының орындалуы  туралы Маңғыстау облысының тексеру комиссиясына міндетті түрде  хабарлау тапсырылады.

         5.Бақылау нәтижесімен анықталған кемшіліктер бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін бақылау материалы  Маңғыстау облыстық прокуратурасына жолдансын.

         6.Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 140-бабының 1-бөліміне сәйкес қаулының орындалуы міндетті болып табылады.

         7.«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 462-бабының 3, 4-бөлімдеріне сәйкес мемлекеттiк бақылау мен қадағалау органдары (лауазымды адамдар) өз құзыретi шегiнде берген заңды талаптарын немесе нұсқауларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

         8.Осы қаулының орындалуын қадағалау тексеру комиссиясының мүшесі А.Қ.Нұрбосыноваға жүктелсін.

 

        

         Төраға                                                               М. Нысанбаев

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы