29/04/2024  Дүйсенбі

19.12.22 1

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында "Ауыл-Ел Бесігі" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.

"Ауыл-Ел Бесігі" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен 5272489,3 мың теңге бюджет қаражаты қамтылды, анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 536388,1 мың теңге, оның ішінде; қалпына келтіруге жататыны-526607,7 мың теңге, өтелуге жататыны-9780,4 мың теңге, 3948 822,4 мың теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, 85 437,8 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, 39 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Аудандардың барлығында «Aуыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде қарастырылған шығыстарға жатпайтын автомобиль жолдарын жаңадан салу құрылыстары қаржыландырылып, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың қарамағында (иелігінде) болмаған және коммуналдық меншік болып табылмаған елді мекендердің жоқ жолдарына орташа жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржыға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмей, жаңа жолдар салынып, бюджет жүйесінің қағидаттары сақталмай бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған.

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде іске асырылған жобаларда жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамтылмаған.

Елді мекендердің көшелерінің автомобиль жолдары уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік есепке алынбаған, елді мекен көшелеріндегі тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегіндегі автомобиль жолдары жергілікті атқарушы органдармен жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы шешімдері шығарылмаған, жергілікті атқарушы органдардың қарамағында (иелігінде) болмаған және коммуналдық меншік болып табылмаған, автомобиль жолдары паспорттау жұмыстары жүргізілмеген.

Аудандар бойынша жоба шеңберінде жоспарланған жобаларды қаржыландыру мерзімдері жұмыстарды орындаудың белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген мерзімдеріне сәйкес қаржыландырылмайтыны, соның нәтижесінде сметалық құжаттамада көрсетілген мерзімдерде нысандар аяқталмай, жоспарланған нысандар уақтылы қоғам игілігіне пайдалануға берілмейтіні байқалады.

Бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептіліктің анықтығы, толықтығы мен сәйкестігі, баланста көрсетудің анықтығы, уақытылылығы мен толықтығы, есеп айырысу тәртібінің сақталуы бойынша бухгалтерлік баланста көрінуге жататын деректер көрсетілмей, бұрмаланған қаржылық есептілік жүргізілген.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалардың сақталмау жағдайлары орын алғаны анықталды.

Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша қаулы қабылданып, жергілікті атқарушы органдар мен аудит объектілеріне тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар жолданды..

19.12.22 1

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы