19/05/2024  Жексенбі

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы М.Ө. Нысанбаевқа 

ҚОРЫТЫНДЫ

1.Бақылаудың мақсаты:
Жергілікті бюджеттен күрделі шығыстарға бөлінген қаржының тиімділігін және салықтық емес түсімдердің толықтығы мен уақытылығын бақылау.

2. Бақылау объектісі:
«Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесіне тақырыптық бақылау жүргізілді.

3. Бақылаудың мәні:
Мемлекеттік активтер, қаржылық, бюджеттік есептіліктері және келесі бюджеттік бағдарламалар аясында бөлінген бюджет қаражаттары:
252.006 «Мемлекеттік органның күрделі шығындары».

4. Негізгі (талдамалық) бөлік
    1. Бақылау барысында, Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің  03.08.2010 жылғы «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» №335 бұйрығының 20 тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің  13.12.2013 жылғы «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» №713 бұйрығының 19 тармағының 2) тармақшасына сәйкес қаржылық және салық органдарымен ай сайын бюджетке түсетін әкімшілік айыппұлдардың толықтығы бойынша өзара салыстыру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмеген.
Маңғыстау облысының әкімшілік полиция басқармасының 2013-2014 жылғы ұсынылған ақпаратына сәйкес облыс көлемінде жалпы сомасы                     1 735 741,5 мың теңгеге 196 253 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері тіркелген. Оның ішінде жалпы сомасы 1 264 372,6 мың теңгесі  немесе 72,8% бюджетке өндірілген. Ал, қалған 471 441,3 мың теңге немесе 27,2% бюджетке өндірілмеген.
Әкімшілік полиция қызметкерлерінің көлік құралдарын жүргізуші жеке тұлғалардың пайдалану және жол жүрісі ережелерін үнемі бұзушыларды анықтауға, жұмыс өнімділігін және жедел іздестіру жұмыстарын арттыруға, жалпы сомасы 20 250,0 мың теңгеге Департаментке 10.10.2010 жылы 90-дана мобильдік терминалдар қабылданған. 20 дана мобильдік терминал бұзылуына байланысты Маңғыстау облысының қаржы басқармасымен шығысталған.

         2. Алайда, Департамттің негізгі құралдар ретінде есепте тұрған жалпы құны 15 750,0 мың теңгені құрайтын 70 дана мобильдік терминалдардың, бүгінде негізгі құралдар ретінде мемлекеттік мекеме үшін оларды қолдануы тікелей экономикалық пайда әкелмейтіні, яғни жарамсыз, қолданылмай тұрғаны анықталды.
Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу» Ережесінің 243 тармағының «Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі әрбір объектінің (заттың, жиынтықтың) сақталуы мен дұрыс қолданылуын бақылауды қамтамасыз етуі тиіс» талабы толық сақталмаған.

         3. Сондай-ақ, Жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің систематикалық жол Ережесін бұзышы тұлғаларды анықтай алмау салдарынан облыс көлемінде 24 әр түрлі тұлғаларға қатысты ешқандай шара алынбаған және соның салдарынан бюджетке жалпы сомасы 1 297,1 мың теңге өндірілмеген.
Қазақстан Республикасының 30.01.2001 жылғы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» №155-II Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБК)  484 бабының, 1-бөлімінде көзделген үш және одан да көп құқық бұзушылықты жасаған жағдайда жеке тұлғаларды алты ай мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға және көлік құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу жұмыстары жүргізілмеген.  
ҚР ӘҚБК-нің 484 бабының 1-бөлімінің талабы сақталмай, қалалар және аудандар бойынша шара алынбаған тұлғалар туралы көрсеткіштер:

 

2013 жыл

2014 жыл

Бюджетке өндірілмеген айыппұл сомасы (мың теңге)

Сотқа жолданбаған көлік жүргізу куәліктерінің саны

Бюджетке өндірілмеген айыппұл сомасы (мың теңге)

Сотқа жолданбаған көлік жүргізу куәліктерінің саны

1

2

3

4

5

Ақтау қ.

415,4

8

222,2

4

Жаңаөзен қ.

0

0

0

0

Мұнайлы ауд.

0

0

111,1

2

Тұпқараған ауд.

51,9

1

166,7

3

Қарақия ауд.

0

0

55,6

1

Маңғыстау ауд.

0

0

55,6

1

Бейнеу ауд.

51,9

1

166,7

3

Барлығы:

519,2

10

777,9

14

        
4. Сондай-ақ, терминалдар пайдаланылмай Жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің систематикалық жол Ережесін бұзушы тұлғаларды анықтай алмау салдарынан облыс көлемінде Кодекстің 484 бабының 2-бөлімінде көзделген үш және одан да көп құқық бұзушылықты систематикалық түрде бірнеше рет бұзған 875 азаматтың көлік жүргізу куәліктерін сотқа жолдауға ешқандай шара қолданылмаған.   
ҚР ӘҚБК-нің 484 бабы, 2-бөлімінің талабы сақталмай, сотқа жолданбаған көлік жүргізу куәліктерінің саны:

 

2013 жыл

2014 жыл

Ақтау қ.

182

73

Жаңаөзен қ.

24

265

Мұнайлы ауд.

0

174

Тұпқараған ауд.

4

25

Қарақия ауд.

35

30

Маңғыстау ауд.

2

50

Бейнеу ауд.

2

9

Барлығы:

249

626

5. Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 34-1 бабына орай, құқық бұзушылықтың жасалу фактісі мен уақытын, көлік құралының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін, сондай-ақ жүрісінің жылдамдығы мен бағытын тіркейтін фото және бейне аппаратуралары метрологиялық салыстырып тексеруден өту қажет.
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы №53-II Заңының 17-бабының, 6-тармағының талаптары бұзылып, Форт-Шевченко-Шетпе бағытындағы жылдамдықты өлшеу құралы тиісті тәртіппен метрологиялық салыстырудан өтпеседе 24.12.2012-11.01.2013 жылдар аралығында жалпы сомасы 678,0 мың теңгеге 33 құқық бұзушылық фактісі тіркелген.

 6. 2014 жылғы 006 Бюджеттік бағдарламасының тікелей нәтиже көрсеткішінде Ішкі істер органдарын қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету 70% және белсенді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету 89,5%-ға жеткізу көзделген.
Алайда, бақылау барысында қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету 49% және белсенді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету 43%-ды құрап бағдарламаның тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген.
7. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 32-бабының, 2-тармақ, 2-2 тармақшасында және №72 Бюджеттік сыныптамасын жасау бұйрығының 54-тармағы бұзылып, қаржыландыру көлемі өзгерседе, бекітілген 006 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасына тиісті тәртіппен өзгерістер мен толықтырулар жасалмаған. Нәтижесінде жалпы сомасы 108 813,5 мың теңгеге ауытқушылық анықталған.  

         8. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 32-бабы, 2-тармағы бұзылған. Яғни, бюджеттік бағдарлама мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісілмеген.Яғни, Бағдарламалар Департамент басшысының 22.09.2014 жылғы №725 санды бұйрығы негізінде бекітілгендігін ескерсек, бюджеттік бағдарлама мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдармен келісу үшін тек қана 08.10.2014 жылы №1-12-9/2170-И санды хатымен жолданған.

9. Департаментпен қаржыландыру жоспарын жасақтауда Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 67-бабы, 12-тармағы, ҚР Қаржы министрінің м.а. «Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы»  29.12.2012 жылғы №584 Бұйрығы (бұдан әрі-№584 бұйрық) және ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің «Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» 13.03.2013 жылғы №73 Бұйрығы (бұдан әрі-№73  бұйрық) талаптарының бұзылуына жол берілген.
Жалпы сомасы 132 283,0 мың теңгеге 006 бағдарламасының 159-«Өзге де қызметтер мен жұмыстар» ерекшелiгi бойынша шығыстарды есептеуде 01-159, 02-159-нысандары бойынша (45 және 46-қосымша) жасақталуы тиіс болатын. Алайда,  жоғарыда аталған ерекшелікке Есеп тиісті тәртіппен, яғни 02-159-нысаны (46-қосымша) тиісті тәртіппен толық деңгейде жасақталмаған.

10. Департаментке қызметтік көліктерді сатып алуға жалпы сомасы 200 042,0 мың теңгеге жасақталған бюджеттік өтінім ерікті формада жасақталған. Яғни, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің «Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» 13.03.2013 жылғы №73 Бұйрығының 46 тармағы бұзылған. Атап айтқанда автокөліктерді сатып алуға бюджеттік өтінім 01-413 формаға сәйкес (54-қосымша) жасақталмаған.

         11. Маңғыстау облысы ІІД нысандары бойынша жобалық сметалық және сметалық құжаттама дайындау конкурсы бойынша. 25.10.2013 жылғы №47 бір көзден сатып алу хаттамасына сәйкес, «Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті» ММ-сімен «MR-TRUST PARTNERS» ЖШС-мен 28.10.2013 жылы №9 лот бойынша жалпы сомасы 1 999,2 мың теңгеге №334  келісім шарт жасақталған. Қалған №2,4,6,7,10,11,12 лоттар бойынша 28.10.2013 жылы жалпы сомасы 4 998,6 мың теңгеге №306 келісім шарт жасақталған.
«MR-TRUST PARTNERS» ЖШС-нен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға келісім 29.10.2013 жылы №19/2013 санды хатпен келген. Алайда, «Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті» ММ-сімен «MR-TRUST PARTNERS» ЖШС-мен 28.10.2013 жылы келісім шарт жасақталған. Яғни әлеуетті өнім берушіден келісім хат келмей келісім шарт жасалғаны анықталды. Бұл әрекетімен Департамент Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27.12.2007 жылғы №1301 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қаулысының 142 тармағының 6 тармақшасын бұзған.

12. Көпфункционалды құрылымдар сатып алу бойынша.
«Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті» ММ-сімен «Halyk Telecom» ЖШС-мен 23.10.2013 жылы жалпы сомасы 2 783,0 мың теңгеге №304  келісім шарт жасақталған.   
Маңғыстау облысы ІІД-нің ведомстволық АТС-ын аудандық полиция бөлімдерінде мекемелік автоматтандырылған телефон станциясын құрылғысымен жинақтап орната отырып кеңейту бойынша.
30.04.2014 жылғы №683649-2 санды аукцион қорытындысы туралы хаттама негізінде «Ареал-Транс» ЖШС-мен жалпы сомасы 37 393,6 мың теңгеге №181 келісім шарт жасақталған.
Маңғыстау облысының ІІД бөлімдеріне арналған планшет сканер сатып алу бойынша.
30.04.2014 жылғы №682646-2 санды аукцион қорытындысы туралы хаттамаға сәйкес «АлиТехСтройСервис» ЖШС-мен 11.05.2014 жылы жалпы сомасы 10 318,5 мың теңгеге №186 келісім шарт жасақталған.
Аталған конкурстар бойынша Департамент тарапынан Қазақстан Республикасының 21.07.2007 жылғы №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 35-8 бабының 7 тармағын бұзғаны анықталды. Атап айтқанда аукциондық комиссияның хатшысы аукцион қорытындылары туралы хаттаманы мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырмаған.

        Маңғыстау облысы ІІД АҚІІБ ЖБО бейнебақылау жүйесін жаңғырту (жетілдіру) бойынша талшықты-оптикалық байланыс жүйелерін жүргізу бойынша.
18.11.2013 жылғы №44 бір көзден сатып алу хаттамасына сәйкес, «Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті» ММ-сімен «Казахтелеком» АҚ-мен 19.11.2013 жылы жалпы сомасы 3 600,0 мың теңгеге №03-14/670-13 ДУ  келісім шарт жасақталған.
13. Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 15.05.2012 жылғы №623 санды «Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысының 171-ші тармағына сәйкес, аукцион бір лотқа өткізіледі, бұл ретте Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер аукционның мәні болып табылады.
Алайда, Департамент жылдық көлемі төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне жетпейтін тауарды аукцион тәсілімен сатып алғаны анықталды.
Сонымен қатар, аталған конкурс бойынша Департамент тарапынан Қазақстан Республикасының 21.07.2007 жылғы №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 35-8 бабының 7 тармағын бұзғаны анықталды. Атап айтқанда аукциондық комиссияның хатшысы аукцион қорытындылары туралы хаттаманы мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырмаған.

Маңғыстау облысы ІІД-нің бейнеконференц байланысы үшін бейнетерминал құрылғысын сатып алу бойынша.
Бір көзден сатып алу хаттамасына сәйкес, «Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті» ММ-мен «Apple Tech» ЖШС-мен 06.10.2014 жылы жалпы сомасы 2 300,0 мың теңгеге №318  келісім шарт жасақталған.
14. Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 15.05.2012 жылғы №623 санды «Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысының 171-ші тармағына сәйкес, аукцион бір лотқа өткізіледі, бұл ретте Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер аукционның мәні болып табылады. Алайда, Департамент жылдық көлемі төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне жетпейтін тауарды аукцион тәсілімен сатып алғаны анықталды.

Маңғыстау облысы Бейнеу және Маңғыстау (Шетпе с.) АІІБ ғимараттарын күрделі жөндеу бойынша.
18.11.2014 жылғы №731526-2 санды аукцион қорытындысы туралы хаттамаға сәйкес, 1 және 2 лоттар бойынша «DARSTON» ЖШС-гі жеңімпаз болып табылған.
Департамент және «DARSTON» ЖШС-мен №1 лот «Бейнеу аудандық ІІБ ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары» бойынша 25.11.2014 жылы жалпы сомасы 56 575,8 мың теңгеге №367 келісім шарт жасақталған. №2 лот «Маңғыстау аудандық ІІБ ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары» бойынша 25.11.2014 жылы жалпы сомасы 47 260,2 мың теңгеге №368 келісім шарт жасақталған.
15. «SerMarKZ» ЖШС-ң ұсынған конкурстық өтінімінде конкурстық құжаттаманың 9 қосымшасына сәйкес, ақпаратты ұсынбағаны және конкурстық құжаттамаға 4-қосымшасының 3-бөлімінде көзделген 37 жабдықтың дәлелдейтін кейбір құжаттарын табыс етпеген. Атап айтқанда 3-дана дәнекерлеу аппараты, 1 дана экскаватор, 1 дана автогидроподъемник техникасы мен жабдықтардың құжаттары жоқ екені анықталды.
«АскоСервис» ЖШС-ң ұсынған конкурстық өтінімінде конкурстық құжаттаманың 4-қосымшасының 3-бөлімінде көзделген 33 жабдықтың дәлелдейтін кейбір құжаттарын табыс етпеген. Атап айтқанда ЖК «Абдуллаева Т.Б.»-дан жалға алынған 1 дана «Т-158» трактор, ЖК «Түзельбаева Г.Б.»-дан жалға алынған 1 дана «ДЗ-99» автогрейдер, 1 дана «Т-100м3» трактор, 1 дана «БВ-8,5» жалғамалы битумоварка техникаларын жалға алу келісім шарттары жоқ екені анықталды.
Департамент тарапынан Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 15.05.2012 жылғы №623 санды «Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысының 3-ші тарауының 9 тармағын бұзған.

16. Департаменттің 2013-2014 жылдар аралығындағы бухгалтерлік есебін бақылау барысында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы» бұйрығы 272-тармағыныңталабы сақталмай, 2014 жылы жалпы сомасы 15 797,6 мың теңгенің өзге активтері ретіндегі жобалық-сметалық құжаттамалар есепке алынбай, операциялық шығыстар ретінде шығысталғаны анықталды.
Сонымен қатар, Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығының 238-тармағы және 15.06.2010 жылғы №281 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы» бұйрығының «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінің талаптары басшылыққа алынбай, жалпы сомасы 135 883,0 мың теңгенің ұзақ мерзімді активтері ретінде  талшықты-оптикалық байланыс желілері есепке алынбай, операциялық шығыстар ретінде шығысталғаны анықталды.
Сондай-ақ, 25.11.2014 жылғы №380 келісім шарт негізінде ЖК «ЖанДАлиС»-тен жалпы сомасы 370,0 мың теңгеге Бейнеу мен Маңғыстау аудандырының ішкі істер бөлімдерінің ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарына сатып алынған техникалық қадағалау қызметін 2014 жылдың бухгалтерлік есебінде 2411 қосалқы шотында аяқталмаған құрылыс ретінде есепке алынған. Алайда, аталған қызмет мекеменің операциялық шығыстар ретінде шығысталу керек болатын.
Нәтижесінде, Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығы    16-бөлімінің шығыстарды есепке алу тәртібінің талаптары бұзылған.

5. Бақылау барысында қабылданған шаралар
         Бақылау барысында жіберілген кемшіліктер жөнінде пікір алмасулар мен түсініктер жүргізілді.

6. Бақылаудың нәтижелері бойынша тұжырымдар
Маңғыстау облысының ішкі істер департаментінде жүргізілген тақырыптық бақылау нәтижесінде жалпы сомасы 1 249 584,3 мың теңгеге заң бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.        
Атап айтқанда:
Департамент тарапынан қаржылық және салық органдарымен ай сайын бюджетке түсетін әкімшілік айыппұлдардың толықтығы бойынша өзара салыстыру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмеген.
Маңғыстау облысының әкімшілік полиция басқармасының 2013-2014 жылғы ұсынылған ақпаратына сәйкес облыс көлемінде жалпы сомасы                     1 735 741,5 мың теңгеге 196 253 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері тіркелген. Оның ішінде жалпы сомасы 1 264 372,6 мың теңгесі  немесе 72,8% бюджетке өндірілген. Ал, қалған 471 441,3 мың теңге немесе 27,2% бюджетке өндірілмеген.
Жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің облыс көлемінде систематикалық жол Ережесін бұзған 899 әр түрлі тұлғаға қатысты ешқандай шара алынбаған яғни, көлік жүргізу куәліктері сотқа жолданбаған және соның салдарынан жалпы сомасы 1 297,1 мың теңгеге айыппұл салынбаған.
Негізгі құралдар ретінде есепте тұрған жалпы құны 15 750,0 мың теңгені құрайтын 70 дана мобильдік терминалдардың, бүгінде негізгі құралдар ретінде мемлекеттік мекеме үшін оларды қолдануы тікелей экономикалық пайда әкелмейтіні, яғни жарамсыз, қолданылмай тұрғаны анықталды.
Форт-Шевченко-Шетпе бағытындағы жылдамдықты өлшеу құралы тиісті тәртіппен метрологиялық салыстырудан өтпеседе 24.12.2012-11.01.2013 жылдар аралығында жалпы сомасы 678,0 мың теңгеге 33 құқық бұзушылық фактісін тіркеген.
Департаменттің 006 «Мемлекеттік органның күрделі шығындары» бюджеттік бағдарламасының тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген.
Бекітілген 006 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасының қаржыландыру көлемі өзгерседе, бағдарламаға тиісті тәртіппен өзгерістер мен толықтырулар жасалмай жалпы сомасы 108 813,5 мың теңгеге ауытқушылық анықталды. 
Бюджеттік бағдарлама мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен уақытылы келісіліп, әзірленіп бекітілмеген.
Жалпы сомасы 132 283,0 мың теңгеге 159-«Өзге де қызметтер мен жұмыстар» ерекшелiгi бойынша шығыстарды есептеудегі Есеп 02-159-нысаны (46-қосымша) тиісті тәртіппен толық деңгейде жасақталмаған.
Сонымен қатар, Департаментке қызметтік көліктерді сатып алуға жалпы сомасы 200 042,0 мың теңгеге жасақталған бюджеттік өтінім ерікті формада жасақталған.
Мемлекеттік сатып алуларды жүргізу барысында Департамент тарапынан жалпы сомасы 167 228,8 мың теңгеге заңбұзушылықтар орын алған.
Мекемеде     бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы бұйрығының талаптары бұзылып жалпы сомасы 152 050,6 мың теңгеге кемшіліктер анықталды.

7. Бақылаудың нәтижелері бойынша ұсыныстар
        
Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:
        
1. Маңғыстау облысының ішкі істер департаментіне 2015 жылдың 27 сәуіріне дейін:
1) Өндірілмеген жалпы сомасы 471 441,3 мың теңге айыппұлдарды бюджетке өндіруді;
2) Бухгалтерлік есеп бойынша жалпы сомасы 151 680,6 мың теңгені қалпына келтіруді;
3) Бақылау нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктерді қалпына келтіруді, кемшіліктер жіберген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарауды және алдағы уақытта бұндай кемшіліктердің алдын алу шараларын қарастыруды;
4)  Осы бақылау қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар бойынша уақытында Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясына хабарлауды.
        


         Тексеру комиссиясының
         мүшесі                                                                        А.И. Аменов

                           

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы