03/05/2024  Жұма

29.12.22 1

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Өзенинвест» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынында  (бұдан әрі – Кәсіпорын) квазимемлекеттік сектор субъектісі қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды. 

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен  жалпы сомасы 4 466 415,6 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 18 754,0 мың теңге экономикалық шығын, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және бірқатар рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Кәсіпорын жарғысында көзделмеген қызметтi жүзеге асырып, жалпы сомасы 39 410,7 мың теңге көлемінде табыс тапқан.

Бухгалтерлік және қаржылық есептілік туралы заңнаманың сақталмауынан, бұрмаланған қаржылық есептіліктің жасалуына жол берілген.

Мемлекеттік сатып алу заңнамалары сақталмай, жалпы сомасы 144 825,6 мың теңгеге 12 шарт жасалған.

Жалпы сомасы 6 058,0 мың теңгеге тауарлар жеткізілуін растаудың дұрыстығы қамтамасыз етілмей қаржы аударылған.

Кәсіпорынмен жалпы сомасы 734,8 мың теңге құрайтын субсидия бюджеттен негізсіз алынған.

Отырыста  аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды, нұсқамалар бекітіліп, қаулы қабылданды.     

Бұзушылықтарды жоюға және  бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама жолданды.

29.12.22 1

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы