02/05/2024  Бейсенбі

29.12.22 3

Мемлекеттік аудит нәтижесімен 229 560,1 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 82 549,8 мың теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану,18 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту қағидаларының талаптары сақталмай, бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштері нақты айқындалмаған.

Бюджет Кодексінің, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау мен іске асыру ережесінің талаптары бұзылып, тиісті бюджеттік комиссияның оң шешімі шыққанға дейін «Ақтау қаласын көгалдандыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасы бекітіліп, конкурс жүргізіліп, жеке әріптес айқындалған, бюджет шығыстары көзделмеген жағдайда 94 992,0 мың теңгеге негізсіз ұлғайтылған.

Бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 3 415,9 мың теңгеге негізсіз еңбекақы, сыйақы, іс-сапар шығындары  төленген.

Бухгалтерлік есептілік тиісті деңгейде жүргізілмеген, биологиялық активтер уақтылы есепке алынбаған, қаржылық есептіліктің бұрмалануына жол берілген.

29.12.22 3

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы