28/04/2024  Жексенбі

29.12.22 7

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдалануының тиімділігі мен сәйкестігіне жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен 13059,6 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде; бюджетке  өтелуге жататыны 1561,2 мың теңге, 8335,9 мың теңгеге қаражының тиімсіз пайдалануы, қалпына келтіруге жататынбухгалтерлік есеп бұзушылығы – 11498,4 мың теңге, бюджет қаражат тиімсіз жоспарлау -273,3 мың теңге, 17 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу, бекіту (қайта бекіту) қағидаларының, Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларының талаптары бұзылып, бюджеттік бағдарламалар жергілікті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісілмей,  мекеме басшысымен бекітілмеген, бюджеттік бағдарламаның мақсаты анық, нақты көрсетілмеген, бюджеттік өтінімдерде кейбір ерекшеліктерде  көзделген шығыстардың есептеулері тиісті құжаттармен негізделмеген.

Сонымен қатар, бекітілген заттай нормалардан асыру орын алғаны,  сондай-ақ, жанар жағар майды негізсіз шығыстауға жол берілген анықталды.

Мемлекеттік сатып алу процесі қолданылмай, мемлекеттік сатып алу шарттар жасалмай, орындалғанын растайтын құжаттарсыз негізсіз төлемдер жүргізілген. 

Мемлекеттік сатып алуды жүргізуде жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді сатып алуда бәсекелестік ортаға шығармай шартты тікелей жасасып бір көзден мемлекеттік сатып алу жүргізуі,  мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсамай, әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестікке жол берілмеген.

Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша қаулы қабылданып, аудит объектілеріне тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар жолданды.

29.12.22 7

29.12.22 7

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы