20/05/2024  Дүйсенбі

        Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015 жылдың 31 наурызындағы отырысында «Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесіне жергілікті бюджеттен күрделі шығыстарға бөлінген қаржының тиімділігін және салықтық емес түсімдердің толықтығы мен уақытылығына жүргізілген бақылау нәтижесі қаралды.

 Бақылау қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1 249 584,3 мың теңгеге заң бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды. 
Департамент тарапынан қаржылық және салық органдарымен ай сайын бюджетке түсетін әкімшілік айыппұлдардың толықтығы бойынша өзара салыстыру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмеген.
Жалпы сомасы 471 441,3 мың теңге айыппұлдар тиісті бюджеттерге өндірілмеген.
Жауапты қызметкерлер тарапынан облыс көлемінде систематикалық жол Ережесін бұзған 899 әр түрлі тұлғағаның көлік жүргізу куәліктері сотқа жолданбаған және жалпы сомасы 1 297,1 мың теңгеге айыппұл салынбаған.
Тиімсіз пайдаланылмай  жалпы құны 15 750,0 мың теңгенінің 70 дана мобильдік терминалдары қолданылмай тұр. 
Метрологиялық салыстырудан өтпеген жылдамдықты өлшеу құралы жалпы сомасы 678,0 мың теңгеге 33 құқық бұзушылық фактісін тіркеген.
Бюджеттік бағдарлама мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен уақытылы келісіліп, әзірленіп бекітілмеген.
Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген.
Сонымен қатар, бағдарламасының қаржыландыру көлемі өзгерседе, бағдарламаға тиісті тәртіппен өзгерістер мен толықтырулар жасалмай жалпы сомасы 108 813,5 мың теңгеге ауытқушылық анықталды. 
Жалпы сомасы 132 283,0 мың теңгеге бюджеттік өтінімді жасауда шығыстарды есептеудегі Есеп тиісті тәртіппен толық деңгейде жасақталмаған.
Сондай-ақ, қызметтік көліктерді сатып алуға жалпы сомасы 200 042,0 мың теңгеге жасақталған бюджеттік өтінім ерікті формада жасақталған.
Мемлекеттік сатып алуларды жүргізу барысында жалпы сомасы 167 228,8 мың теңгеге заңбұзушылықтар орын алған.
Мекемеде     бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы бұйрығының талаптары бұзылып жалпы сомасы 152 050,6 мың теңгеге кемшіліктер анықталды.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің басшысы (Қ.С.Дәлбековке) жергілікті бюджеттен күрделі шығыстарға бөлінген қаржының тиімділігін және салықтық емес түсімдердің толықтығы мен уақытылығына жүргізілген бақылау нәтижесі бойынша 2015 жылдың 30 маусымына дейін:
1) Өндірілмеген жалпы сомасы 471 441,3 мың теңге айыппұлдарды тиісті бюджетке өндіруді;
2. 2015 жылдың 30 сәуіріне дейін:
1) Бақылау нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктерді жіберген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарап тиісті тәртіпке сәйкес шаралар алуды;
2) Бухгалтерлік есеп бойынша жалпы сомасы 151 680,6 мың теңгені қалпына келтіруді;
3) Алдағы уақытта айыппұлдарды өндіру бойынша жұмыстарды қатаң бақылауға алуды;
4) Ай сайын қаржылық және салық органдарымен бюджетке түсетін әкімшілік айыппұлдардың толықтығы бойынша өзара салыстыру жұмыстарын  жүргізуді;
5) Осы бақылау қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар бойынша уақытында Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясына хабарлауды.
3. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 140 -бабының 1-бөліміне сәйкес қаулының орындалуы міндетті болып табылады.


4. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 462-бабының 3-бөліміне сәйкес мемлекеттiк бақылау мен қадағалау органдары (лауазымды адамдар) өз құзыретi шегiнде берген заңды талаптарын немесе нұсқауларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 
5. Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының бас маманы Қ.Ж. Саналиев, бақылауға қатысқан қызметкерлермен бірлесе отырып 2015 жылдың 3 сәуіріне дейін:
1) Бақылау жүргізілген нысанға анықталған кемшіліктер бойынша Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысын жолдасын.
6. Осы қаулының орындалуын қадағалау тексеру комиссиясының мүшесі А.И. Аменовке жүктелсін.

 

         Маңғыстау облысы бойынша
         Тексеру комиссиясының
         төрағасы                                                           М.Ө. Нысанбаев

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы