02/05/2024  Бейсенбі

30.12.22 1

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен 68493,8 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану бойынша жалпы сомасы 196694,7 мың теңге, 892546,2 мың теңгеге экономикалық шығын анықталып, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны 23 бірлікті құраған.

«Маңғыстауэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2020 жылы жалпы сомасы 1066,9 мың теңгені құрайтын материалдар шығын ретінде артық қосылған.

Бекітілген ысыраптың нормативінен артық жалпы көлемі 56547 093 кВ.т сағатқа немесе жалпы сомасы 890341,0 мың теңгеге айырмашылық, яғни ысырап анықталды, нәтижесінде экономикалық шығынға (жіберіп алған пайда) жол берілген.

Жалпы сомасы 9016,9 мың теңгені құрайтын заңды тұлғалардан, 31477,0 мың теңгені құрайтын жеке тұлғалардан электр энергиясы үшін 2020 жылға дейінгі дебиторлық берешек бойынша талап етілмеген.

Техникалық жаңғыртылудан кейін энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу қабылдау комиссиясымен жүзеге асырылатыны көрсетілсе де, тиісті рәсімдер іске асырылмай, энергия объектісі пайдаланылуда.

2020-2022 жылдары аралығында «Маңғыстау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметіне жатпайтын 3 жатақхана мен бір айып тұрағын күтіп ұстау бойынша қызмет көрсетуге 27121,3 мың теңге қаражаты тиімсіз жұмсалған.

Кәсіпорын жалпы сомасы 137200,0 мың теңгенің «Сорғыш станциясын» сатып алу бойынша лицензиясы жоқ мердігер «ABIROY GROUP» ЖШС келесі құрылыс жұмыстарын жүргізгені:

- желдету және жылыту жүйесі бар 4 дана 40-тық контейнерлердің орнына ЖСҚ-сыз және сараптамасыз тас ғимарат салынғандығы;

- ұзындығы 1100 метр болатын Баянды ауылындағы мембранаға су құбыры (DN-180, DN-150) тартылғандығы анықталды.

2021 жылдан бүгінгі күнге дейін 067 бюджеттік бағдарламасы бойынша Кәсіпорын 125 м3/сағ тазартылған ауыз судың орнына, 35-40м3/сағ ауыз су Баянды ауылына орнатылған ЛСО-100 су тазарту жергілікті станциясына бюджеттен бөлінген 137200,0 мың теңге тиімсіз жұмсалған.

Кәсіпорын жер учаскесіне қандайда бір құқық белгілеуші құжаттарын рәсімдемей, жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп, ЖСҚ-сыз және сараптамасыз келесі жұмыстар жүргізген:

- жалпы сомасы 25348,7 мың теңгеге Атамекен ауыл ішілік көшелерге 2860 метр су құбыры;

- жалпы сомасы 9596,7 мың теңгеге Атамекен ауылына ұзындығы 948 метр болатын су құбыры (DN-160);

- жалпы сомасы 755,8 мың теңгеге ұзындығы 800 метр болатын су құбыры (DN-50) Маңғыстау ауылы аумағына тартылғаны анықталды.

Атамекен ауылына тартылған 2860 метр су құбыры (DN-160) пайдаланылмай тұрғандығы анықталды. Яғни, Атамекен ауылына тартылған ұзындығы 2860 метр болатын су құбырына (DN-160) жұмсалған 25348,7 мың теңге қаражаты тиімсіз пайдаланылған.

2022 жылы Кәсіпорын есебінен Маңғыстау ауылы аумағына тартылған жалпы сомасы 755,8 мың теңге құрайтын ұзындығы 800 метр су құбыры (DN-50) негізсіз шығысталып, тартылған.

Кәсіпорын (су беруші) Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына нақты көрсетiлмеген қызметтер үшiн жиынтық тізілім ұсынып, мемлекеттік субсидия жалпы сомасы 2 581,2 мың теңгеге артық төленгені анықталды.

Сонымен қатар, бюджеттік заңнаманың, бухгалтерлік есеп туралы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалардың сақталмау жағдайлары орын алғаны анықталды.

Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, аудит объектісіне тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

30.12.22 1

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы