19/05/2024  Жексенбі

        Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015 жылдың 03 тамызындағы отырысында Республикалық бюджеттен бөлінген қаржының сәйкестігіне және қаржылық есептілігінің анықтығы мен дұрыстығына жүргізілген бақылау нәтижесі қаралды.
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың қорытындысы бойынша  жалпы сомасы 175 565,6 мың теңгеге бюджеттік және басқа да заңнамалардың бұзушылықтары анықталды.

 Қарақия аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан Қазақстан Республикасының 16.07.2001 жылғы №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі» Заңының 60-бабының 1-тармағы бұзылып, уақытша ғимараттар мен имараттардан қайтарылатын жалпы сомасы 661,3 мың теңгені өндіру бойынша шаралар жүргізілмеген.
Сонымен қатар, уақытылы құрылыс жұмыстарын аяқтамаған мердігерге жалпы сомасы 2 048,1 мың теңге айыппұл есептелмеген.
«Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқу өндірістік шеберханаларды, зертханаларды жаңарту және қайта жабдықтауға арналған облыстық бюджеттерге Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің нәтижелері туралы жасақталған Келісімнің тікелей және соңғы нәтижелеріне қол жеткізілмеген.

Яғни, техникалық және кәсіптік білім беретін 3 оқу орнына жүргізілген  қарсы бақылау қорытындысы бойынша жалпы сомасы 10 203,2 мың теңгеге оқу өндірістік шеберханалар мен зертханаларға жабдықтар алуға жұмсалмағандығы анықталды. 

Бюджеттік бағдарламаның бюджеттiк өтiнiмі шығыстардың көлемi, қажетті ресурстардың сандық және қаржылық ақпараты негiзiнде қамтамасыз етілмей Бюджеттік өтінім жасау қағидасы бұзылып, бюджет жобасына шығыстарды енгізуде тиісті құжаттар негізінде жоспарланбай, Бюджет жүйесінің негізділік принципінің  нормалары тиісті дәрежеде сақталмаған.
Бюджет шығыстарының Экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымы туралы бұйрығының талаптары сақталмаған.
Сонымен қатар, бюджеттік бағдарламаға сәйкес ұсынылған бюджеттік өтінімдері түсіндірме жазбамен қамтамасыз етілмеген.
Бюджет қаражатын жоспарлау көлемi, нәтижелiлiк және тиiмдiлiк көрсеткiштерi бар бюджеттiк бағдарлама тиісті тәртіппен әзірленбеген.
«Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында Мемлекеттік сатып алу Заңы сақталмай келісім-шарт бойынша тауарларды жеткізу мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем болған.
«О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында мемлекеттік сатып алу Ережесінің талаптары сақталмай әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша келісімі жолданбай жалпы сомасы 12 057,9 мың теңге мемлекеттік сатып алу заң бұзушылықтар анықталды.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қарақия аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2015 жылдың 3 қазанына дейін:
1) Бақылау нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктерді қалпына келтіруді, кемшіліктер жіберген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарауды және алдағы уақытта бұндай кемшіліктердің алдын алу шараларын қарастыруды;
2) құрылыс жұмыстарының уақытылы  аяқталмауына байланысты мердігерден талап етілуге тиісті 2 048,1 мың теңгені құрайтын тұрақсыздық айыппұлын бюджетке өтеуді қамтамасыз етуді;
3) уақытша ғимараттар мен имараттардан қайтарылатын жалпы сомасы 661,3 мың теңгені өндіру бойынша шаралар алуды. 
2. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне 2015 жылдың 3 қыркүйегіне дейін:
1) Бақылау нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктерді қалпына келтіруді, кемшіліктер жіберген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарауды және алдағы уақытта бұндай кемшіліктердің алдын алу шараларын қарастыруды;
2) Басқармаға қарасты кәсіпорындарда осы айтылған кемшіліктердің қалпына келтірілуін бақылауды және алдағы уақытта бұндай кемшіліктердің алдын алу шараларын қарастыруды;
Осы бақылау қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар бойынша уақытында Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясына хабарлауды.
             3. «Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына 2015 жылдың 3 қыркүйегіне дейін:
1) Бақылау нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктерді қалпына келтіруді және кемшіліктерді жіберген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарауды;
4. «О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына 2015 жылдың 3 қыркүйегіне дейін:
1) Бақылау нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктерді қалпына келтіруді және кемшіліктерді жіберген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарауды;
5. «Маңғыстау өнер колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына 2015 жылдың 3 қыркүйегіне дейін:
1) Бақылау нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктерді қалпына келтіруді және кемшіліктерді жіберген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарауды;
Осы бақылау қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар бойынша уақытында Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясына хабарлауды.
6. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 140-бабының 1-бөліміне сәйкес қаулының орындалуы міндетті болып табылады.


7. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 462-бабының 3-бөліміне сәйкес мемлекеттiк бақылау мен қадағалау органдары (лауазымды адамдар) өз құзыретi шегiнде берген заңды талаптарын немесе нұсқауларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 
8. Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының бас маманы Қ.Ж. Саналиев, бақылауға қатысқан қызметкерлермен бірлесе отырып 2015 жылдың 05 тамызына дейін:
1) Бақылау жүргізілген нысандарға анықталған кемшіліктер бойынша Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысын жолдасын.
9. Осы қаулының орындалуын қадағалау тексеру комиссиясының мүшесі А.И. Аменовке жүктелсін.
        
         Маңғыстау облысы бойынша
         Тексеру комиссиясының
         төрағасы                                                           М.Ө. Нысанбаев
Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы