19/05/2024  Жексенбі

Ағымдағы жылдың  03 тамызында  Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Отырыста республикалық бюджеттен бөлінген қаржының сәйкестігіне және қаржылық есептілігінің анықтығы мен дұрыстығына жүргізілген бақылау нәтижесі қаралды.
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың қорытындысы бойынша  жалпы сомасы 175 565,6 мың теңгеге бюджеттік және басқа да заңнамалардың бұзушылықтары орын алды.

 Атап айтқанда:
1. Қарақия аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан Қазақстан Республикасының 16.07.2001 жылғы №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі» Заңының 60 бабының 1 тармағы бұзылып, уақытша ғимараттар мен имараттардан қайтарылатын жалпы сомасы 661,3 мың теңгені өндіру бойынша шаралар жүргізілмеген.
Сонымен қатар, уақытылы құрылыс жұмыстарын аяқтамаған мердігерге  жалпы сомасы 2 048,1 мың теңгеге айыппұл есептелмеген.
2. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінде «Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқу өндірістік шеберханаларды, зертханаларды жаңарту және қайта жабдықтауға арналған облыстық бюджеттерге Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің нәтижелері туралы 17.01.2014 жылғы №11-045 жасақталған Келісімнің 2.5 тармағы бұзылған.
Яғни аталған Келісімнің түпкілікті нәтижесі болып – Облыс бойынша кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінде оқу-өндірістік жабдықтармен жабдықталған оқу ұйымдарының үлесі 25,9 пайызды құрау көзделген болса, бақылау нәтижесінде жабдықталған оқу үлесі 24,4% құрап соңғы нәтижелерге қол жеткізілмеген.

Сондай-ақ, Келісімнің Тікелей нәтижелері: Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының 7 (жеті) оқу өндірістік шеберханаларын, зертханаларын қазіргі заманғы оқу-өндірістік жабдықтармен қамтамасыз ету болып табылады.

Техникалық және кәсіптік білім беретін 3 оқу орнына («Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі» МКҚК- 25 000,0 мың теңге, «Маңғыстау өнер колледжі» МКҚК-50000,0 мың теңге, «О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі» МКҚК- 25 000,0 мың теңге) қарсы бақылау жүргізіліп, бақылау қорытындысы бойынша жалпы сомасы 10 203,2 мың теңгеге оқу өндірістік шеберханалар мен зертханаларға жабдықтар алуға жұмсалмағандығы анықталды.  Соның салдарынан, Келісімнің 2.4 тармағына сәйкес, тікелей нәтижелеріне қол жеткізілмегендігі анықталды.

Аталған бюджеттік бағдарламаның бюджеттiк өтiнiмі шығыстардың көлемi, қажетті ресурстардың сандық және қаржылық ақпараты негiзiнде қамтамасыз етілмей Бюджеттік өтінім жасау қағидасының 1-бөлімінің 2-тармағының бұзылғандығы анықталды.
Нәтижесінде, бюджет жобасына шығыстарды енгізуде тиісті құжаттар негізінде жоспарланбай, Бюджет жүйесінің негізділік принципінің  нормалары тиісті дәрежеде сақталмаған.
Сонымен қатар, Мекеменің аталған бағдарламаға сәйкес ұсынылған бюджеттік өтінімдері 339 «Мемлекеттiк басқарудың басқа деңгейлерiне берiлетiн ағымдағы трансферттер»  ерекшелігі бойынша жоспарланып жасақталған.
Алайда, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 13.03.2013 жылғы  № 71 «Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасының кейбiр мәселелерi» туралы бұйрығының бюджет шығыстарының Экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымы туралы  №2 қосымшасының талаптарына сәйкес, ұсынылған бюджеттік өтінімдерде 418 «Мемлекеттік кәсіпорындарды материалдық-техникалық жарақтандыру» ерекшелігі бойынша жүргізілуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 13.03.2013 жылғы №73 «Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» бұйрығы 6 тармағының (бұдан әрі – Бюджеттік өтінім жасау қағидасы) талабының бұзушылығы анықталды. 2014 жылға «045 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңартуға және қайта жабдықтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасына сәйкес ұсынылған бюджеттік өтінімдері түсіндірме жазбамен қамтамасыз етілмеген.
Қазақстан Республикасын  Экономика және бюджеттік жоспарлау министрiнiң 13.03.2013 жылы №72 бұйрығымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесінің» 50, 53 тармақтарына стратегиялық жоспарлар әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерімен жоспарлы кезеңге арналған бюджет қаражатын жоспарлау көлемi, нәтижелiлiк және тиiмдiлiк көрсеткiштерi бар бюджеттiк бағдарлама әзірленбегендіктен, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсімен бюджеттік бағдарламаның іске асырылуын бағалау мүмкін болмады.
3.«Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бойынша:
Мемлекеттік сатып алу Заңының 37-бабы 11-2 тармағының талабы сақталмай жалпы сомасы 2 610,0 мың теңгеге заң бұзушылықтар анықталды. Яғни, «Касымбеков» ЖК-мен 3 дана «LED панель Multi-Toush 70» интерактивті тақтасын сатып алуға 19.12.2014 жылғы №35 келісім- шарт бойынша тауарларды жеткізу мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем болған.
Сонымен қатар, «Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқу өндірістік шеберханаларды, зертханаларды жаңарту және қайта жабдықтауға арналған облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер» жөніндегі нәтижелер туралы Келісім аясында бөлінген қаражатқа, қаражатты игеру нәтижесіндежалпы сомасы 5 234,1 мың теңгеге оқу-өндірістік шеберханалармен зертханалар жабдықтарына жатпайтын мүліктер алынған.
4.«О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бойынша:
Кәсіпорын тарапынан Ереженің 5 бөлімінің 149 тармағының талабы сақталмады. Яғни, әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша келісімі жолданбаған.

Нәтижесінде жалпы сомасы 12 057,9 мың теңге мемлекеттік сатып алу заңбұзушылығы анықталды.

Сонымен қатар, «Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқу өндірістік шеберханаларды, зертханаларды жаңарту және қайта жабдықтауға арналған облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер» жөніндегі нәтижелер туралы Келісім аясында бөлінген қаражатқа, қаражатты игеру нәтижесіндежалпы сомасы 3 969,1 мың теңгеге оқу-өндірістік шеберханалармен зертханалар жабдықтарына жатпайтын мүліктер алынған.

5.«Маңғыстау өнер колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бойынша:

«Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқу өндірістік шеберханаларды, зертханаларды жаңарту және қайта жабдықтауға арналған облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер» жөніндегі нәтижелер туралы Келісім аясында бөлінген қаражатқа, қаражатты игеру нәтижесінде жалпы сомасы 1 000,0 мың теңгеге оқу-өндірістік шеберханалармен зертханалар жабдықтарына жатпайтын мүлік алынған.

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы