28/04/2024  Жексенбі

27.04.23 1

Ағымдағы жылдың 21 сәуірде өткізілген Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Өзен жылу шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынына жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері қаралды.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесімен 1266238,1 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде қалпына келтіруге - 1236181,0 мың теңге, бюджетке өтелуге - 30057,0 мың теңге, 39 371,70 мың теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, 493 761,4 мың теңгеге экономикалық шығын анықталып, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны 12 бірлікті құраған.

Кәсіпорынның шығын жағдайы: 2020 жылғы шығыны - 62 367,0 мың теңге; 2021 жылы -8 256,0 мың теңге.

Аудит бағдарламасында көзделген нәтижелілік, тиімділік өлшемшарттары мен критерийлері бойынша Кәсіпорынның жауапты тұлғалармен заңнамаларды тиісті дәрежеде сақтамауы, зерделенбеуінен бұзушылықтарға жол берілген.

Отырыста аталған аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері қаралды, аудиторлық қорытындыны бекіту туралы қаулы қабылданды, мемлекеттік аудит объектісіне нұсқама жіберілді.

Жүргізілген мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтар бойынша материалдар лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне сондай-ақ, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне жолданды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы