28/04/2024  Жексенбі

22.05.23 1

2023 жылдың 16 мамырында  Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігіне, соның ішінде: Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасының іске асырылуының тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы  қаралды.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен 23 976,6 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде қалпына келтіруге жататыны – 3 500,0 мың теңге, бюджетке қайтарылуға жататыны – 20 476,6 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану бойынша жалпы сомасы 2 265,0 мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны  77 бірлік.

Аудит бағдарламасымен көзделген нәтижелілік, тиімділік өлшемшарттары бойынша заңнамалардың жауапты тұлғалармен тиісті дәрежеде сақталмауы, зерделенбеуі себебінен  бұзушылықтарға жол берілген.

Отырыста  аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды. 

Бұзушылықтарды жоюға және  бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама жолданды.

22.05.23 1

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы