27/04/2024  Сенбі

07.06.23 1

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Жетібай ауылы әкімі аппараты» және «Құрық ауылы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемелеріне ауылдық округтерге бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігін бағалау бойынша жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 47 029,8 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, жалпы сомасы 194 139,3 мың теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және бірқатар рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Қаржылық есептіліктің бұрмалану жағдайлары орын алған.

Мекемелердің функцияларына жатпайтын шығындар тиімсіз жоспарланған, бұл бюджет жүйесінің қағидаттарына қайшы келеді.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталмау жағдайлары орын алғаны анықталды.

«Құрық ауылы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормасынан артық алаңда орналасқан. Сонымен қатар, ғимараттың бір бөлігі басқа ұйымдарға жалға берілсе де, жалға берілген алаңдар үшін коммуналдық  төлемдер бюджет есебінен жүргізілген.

«Жетібай ауылы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттiк әкімшілік қызметшiге жалпы сомасы 539,0 мың теңге еңбекақы негізсіз аударылғаны анықталды.

Отырыста  аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды.

Бұзушылықтарды жоюға және  бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарау туралы нұсқамалар жолданды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы