19/05/2024  Жексенбі

«Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты, соның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке бөлінген нысаналы трансферттерді, пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылаудың қорытындысы бойынша

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде болып өткен «Теңге ауылы әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінде жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты, соның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке бөлінген нысаналы трансферттерді, пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылаудың нәтижелері қаралды.

Отырыста бақылау объектісімен бюджет заңнамасының және мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама талаптарының, сондай-ақ бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібінің тиісті дәрежеде сақталмауы, мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуына тиісті бақылау жүргізілмеуі себепті жалпы сомасы 86 749,6 мың теңге  заң бұзушылықтарына жол берілгені аталып өтті.

Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, Теңге ауылы әкімінің атына жолданды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы