28/04/2024  Жексенбі

09.06.23 1

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Ақтау қаласының бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігініне жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.

Жүргізілген аудиторлық іс шара нәтижесімен  анықталған қаржылық бұзушылықтар жалпы сомасы  181 151,1 мың теңгеге,  оның ішінде; 3 608,4 мың теңге бюджетке өтелуге, 177 542,7 мың теңге қалпына келтіруге жататыны, 2 229 096,0 мың теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау,3 934 336,4 мың теңгеге тиімсіз пайдалану,  251 368,8 мың теңгенің активтерін тиімсіз пайдалану, сондай-ақ 110 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.


Аудит объектілері бюджеттік өтінімді жасаудың дұрыстығы мен негізділігін, бюджеттік өтінімде қамтылған ақпараттар мен есептеулердің толықтығы мен дұрыстығы қамтамасыз етілмей, сондай-ақ  бюджеттік бағдарламалар әкімшілері балансында есепте тұрмайтын объектілерді күтіп-ұстауға, кәспорындардың шарттық міндетемелер шығындарын өтеуге  бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлаған, тиімсіз пайдалануға жол берілген.
Жекелеген аудит объектісінде жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу атқарушылық жазбамен арқылы жүзеге асырылған, нәтижесінде нотариус қызметі үшін қосымша бюджет қаражаты жұмсалған.
Сонымен қатар,  тұрғын үй қорынан жалға берілген 10 пәтердің  коммуналдық ақысы  негізсіз төленген,  сондай-ақ төлемдерді жүзеге асыру төлеуге берілетін шотты табыс етудің дұрыстығы мен негізділігі қамтамасыз етілмей бюджет қаражаты негізсіз аудару анықталды.
Мемлекеттік  коммуналдық меншіктегі  кейбір инженерлік желілер, автомобиль жолдарының және тұрғын емес үй ғимараттардың  мемлекеттік меншік құқығы  рәсімделмеген.
Жергілікті атқарушы органның шешімінсіз  мемлекеттік  мүліктер кәсіпорындар мен басқа  мемлекеттік органға пайдалануға берілген.
Аудит бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бұзуды, оның ішінде қаржылық есептіліктің бұрмалануын анықтады.    
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу туралы, мемлекеттік мүлік туралы заңнамалардың сақталмау жағдайлары орын алғаны анықталды. Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша қаулы қабылданып, жергілікті атқарушы органдар мен аудит объектілеріне тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар жолданды.     

             Аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы нұсқамалар жіберілді.

09.06.23 2
09.06.23
09.06.23
Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы