06/05/2024  Дүйсенбі

01 1

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Өзенэнергосервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны 2021-2023 жыл аралығына жүргізілген мемлекеттік аудитпен 158 139,8 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, активтерді тиімсіз жоспарлау – 480 112,8 мың теңге, активтерді тиімсіз пайдалану – 537 291,9 мың теңге, 877 428,7 мың теңгеге экономикалық шығын келтіріліп, 10 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Активтерінің тозығы 50 -75 %-дан жоғары, соңғы 10 жылда күрделі жөндеу жүргізілмеген, 5 жыл сайын электр объектілеріне 1 рет жүргізілетін техникалық куәландандыру мүлдем жүргізілмеген.

Техникалық ысырап нормативінен тыс, артық 877 428,6 мың теңгеге 47 157 586,7 кВт/сағ электр энергия ысырап болған.

Жергілікті ауылдық елді елді мекендердің көше жарықтандыруға жұмсалған электр энергия құнының жоғары тарифпен Кәсіпорын шотына төленуі, Кәсіпорын балансындағы трансформатор қосалқы станциясын техникалық қызмет көрсетуге бюджет есебінен шығындалуы - Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесінің Заңнама талаптарының бұзылуына алып келген.

01 1 01 1 01 1 01 1

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы