05/05/2024  Жексенбі

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Маңғыстау облысының білім басқармасына қарасты Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлауға бөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің  пайдаланылуына» жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.
Жүргізілген мемлекеттік аудитпен 2 213,2 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар (оның ішінде қалпына келтіруге жататыны 719,2 мың теңге, өтеуге жататыны 1494,0 мың теңге), бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 4 013 503,8 мың теңге  және бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану  708 966,6  мың теңге, 15 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Басқарма мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында мемлекеттік тапсырыс бойынша жасақталған шарттарында оқыту нысандары бойынша тапсырыс көлемі (орындар, гранттар саны) және білім алушыны (маманды) оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны ескерілмей, қаржыландыру көлемі бір қызмет ретінде көрсетілген.

Төлеуге берiлетiн шотты ұсыну заңдылығы мен негізділігі  қамтамасыз етілмей, мемлекеттік тапсырыс бойынша жасақталған шарттар негізінде колледждерге артық қаржы аударылған, Кәсіпорындармен аталған қаржы уақытылы Басқармаға кері қайтарылған.
"Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлау" бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға бөлінген қаражат есебінен, негізгі құралдар сатып алынған.
Білім беру ұйымдарында бухгалтерлік есептілік дұрыс жүргізілмеуі салдарынан қаржылық есептіліктіліктердің бұрмаланылуына жол берілген және жанар-жағармай материалдары негізсіз шығысталған, қызметкерлерге іссапар шығындары артық аударылған.
Сонымен қатар, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білімі болмаса да, оқытушылар педагогтық қызметпен айналысқан.
Отырыста  аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды.
Бұзушылықтарды жоюға және  бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама жолданды.

28 1 28 1

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы