26/04/2024  Жұма

Жаңалықтар

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясымен 2021 жыл кезеңіне Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің «Дария» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына мемлекеттік аудит жүргізілді.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен 148 746,1 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 146,7 мың теңгеге Кәсіпорын қаражатын тиімсіз пайдалану,  159 757,5 мың теңгеге ықтимал шығындар және жіберіп алған пайда, 24 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

2022 жылдың 10 тамызында сағат 15:00-де Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Дария» МКК-ның квазимемлекеттіксектор субъектісі қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиторлық іс-шарасының нәтижесі қаралады.
Өтетін жері: Ақтау қаласы, 14 шағынаудан, 1-ғимарат, 301 кабинет.

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Бейнеу аудандық әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы«Бейнеуэнергосервис» және «Бейнеусусервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

Жүргізілген мемлекеттік аудит қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 17356,3 мың теңге, кәсіпорын қаражатын тиімсіз пайдалану  сомасы -156,0 мың теңге, 6997,2 мың теңгеге экономикалық шығын, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

2022 жылдың 27 шілдесінда сағат 15:00-де Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Бейнеу аудандық әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бейнеусусервис» және «Бейнеуэнергосервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының квазимемлекеттіксектор субъектілері қызметтерінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиторлық іс-шарасының нәтижесі қаралады.

Өтетін жері: Ақтау қаласы, 14 шағынаудан, 1-ғимарат, 301 кабинет.

Ағымдағы жылдың 31 мамырында  жетінші сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының 12-ші кезекті сессиясы өтті.

Сессия барысында 2021 жылға облыстық бюджеттің атқарылуы туралы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әлимұхаммед Құттымұратұлы облыстық мәслихат сессиясында тиісті баяндама жасады.

Облыс әкімінің орынбасарының  баяндамасынан кейін Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы  облыс бюджетінің 2021 жылға атқарылуын бағалау туралы баяндама жасады.

Маңғыстау облысы бойынша

Тексеру комиссиясының

төрағасы

Н.Иманбердиевқа

Қызметтік хат

Ағымдағы жылдың 12 мамырында Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтіп, «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

2022 жылдың 12 мамырында сағат 15:00–де Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» ММ, «Маңғыстау облыcының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ, «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ, Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№2, №3 және №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары» КММ, «Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, «Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық мамандандырылған балалар үйі» ММ, «Ақтау қалалық қаржы бөлімі» ММ, «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» ММ, «Ақтау қалалық құрылыс бөлімі» ММ, «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ және «Қарақия аудандық тұрғын үй шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-лерінде Жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жүргізілген мемлекеттік аудиторлық іс-шарасының нәтижесі қаралады.

Өтетін жері: Ақтау қаласы, 14 шағынаудан, 1-ғимарат, 409 кабинет.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті Төрағасының 2016 жылғы 31 наурыздағы №5-НҚ қаулысымен бекітілген, Тексеру комиссияларының жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсынуы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың 902 рәсімдік стандартына сәйкес, Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының төрағалығымен Ақтау, Жаңаөзен қалаларының, Қарақия, Мұнайлы, Бейнеу, Маңғыстау және Түпқараған аудандарының 2021 жылғы бюджеттерінің орындалысы бойынша Тексеру комиссиясының есептері (қорытындылары) талқыланып, кезекті отырысы өткізілді.

Оқу барысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ қаулысымен бекітілген сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына енгізілген өзгерістер талқыланды. Талқылау барысында Тексеру комиссиясының ұйымдастырушылық-құқықтық, талдау және жоспарлау, сапа бақылау және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау  бөлімдерінің басшылары /4 бөлім басшылары/  қызметкерлерге  қағидаға енгізілген көптеген өзгерістерді атап өтіп және оның аудиторлық іс-шара  барысында заңды түрде дұрыс қолданылуы жөнінде түсіндірді.

Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясы (бұдан әрі-Тексеру комиссиясы) 2022 жылғы 08 сәуірде мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормалардың  сақталуы бойынша отырыс өткізді, оған Тексеру комиссиясының қызметкерлері қатысты.

Отырыста Тексеру комиссиясы аппаратының басшысы және әдеп жөніндегі уәкілі  А.М. Нұғманов ҚР Президентінің 22.02.2022 жылғы №814 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне өзгерістер енгізігендігін мәлімдеді.  Отырыс барысында енгізілген өзгерістер жөнінде және мемлекеттік қызметшілердің, атап айтқанда аудиторлардың аудиторлық іс-шараларда қызметтік әдепті сақтауы жөнінде сөз сөйледі. Сондай-ақ, алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда ұжым ішіндегі моральдық-психологиялық ахуалдың оң динамикасын атап өтті.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы