08/05/2024  Сәрсенбі

Жаңалықтар

Бақылау нәтижелері бойынша тұжырымдар
1. 2013-2014 жылдары бюджеттік  бағдарламаларды іске асыруда Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің уақытылылық, негізділік, нәтижелілік принциптерінің нормалары  тиісті деңгейде  сақталмаған.
2.Басқарма тарапынан Стратегиялық жоспарда  көрсетiлген мақсаттары мен міндеттерін орындау бойынша кәсіпорынның қызметiн сипаттайтын сандық өлшенетін түйiндi көрсеткiштері бағынышты мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарға жеткiзілмеген, кәсіпорындардың даму жоспарларының мониторингі және іске асырылуын бағалау қызметі, мақсаттары мен міндеттері жоспарланған және нақты қол жеткізілген негізгі көрсеткіштер бөлінісінде жүргізілмеген, 2013жылғы стратегиялық жоспарда көзделген екі тікелей нәтиже көрсеткіштері орындалмаған, 2014 жылы 003 бюджеттік бағдарламасының мақсатында орындалуы барысында қол жеткізілуге тиіс нақты нәтижелер келтірілмеген.

«Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен бағынышты мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарында  бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражаттарының және мемлекеттік активтердің тиімділігіне жүргізілген бақылау нәтижесі

Ағымдағы жылдың  04 мамырында  Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Отырыста   «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен бағынышты мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарында  бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражаттарының және мемлекеттік активтердің тиімділігіне жүргізілген бақылау нәтижесі қаралды.

2014 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын және  коммуналдық меншіктегі объектілерді басқару тиімділігіне жүргізілген бақылаудың нәтижесі туралы

        Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015 жылдың   4 мамырдағы отырысында «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Басқарма) 2014 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын және  коммуналдық меншіктегі объектілерді басқару тиімділігіне жүргізілген бақылаудың нәтижесі қаралды.

Жаңаөзен қаласының 2014 жылғы бюджетінің атқарылуын бағалау мақсатында жүргізілген бақылаудың қорытындысы бойынша

Ағымдағы жылдың 19 наурызында Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Отырыста Жаңаөзен қаласының 2014 жылғы бюджетінің атқарылуын бағалау мақсатында жүргізілген бақылаудың нәтижелері қаралды.
Отырыста қала бюджетін жоспарлау және атқару барысында Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің нәтижелілік, негізділік, уақытылылық және жауапкершілік принциптерінің толық көлемде сақтамау фактілері аталып өтті.

1. Жаңаөзен қаласының 2014 жылғы бюджетінің атқарылуын бағалау мақсатында жүргізілген бақылаудың нәтижелері бойынша дайындалған Қорытынды бекітілсін.

2. Жаңаөзен қаласының әкімі (Трұмов С.Ө.):
1) Жаңаөзен қаласын дамыту бағдарламасында жоспарланған мақсаттарға, міндеттер мен нәтижелерге қол жеткізу, жергілікті бюджетті кірістер мен шығыстары бойынша қалыптастыру және атқару барысында жол берілген кемшіліктерге назар аударсын;
2) анықталған бұзушылықтарға жауапты лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау ұсынылады.

        Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015 жылдың 31 наурызындағы отырысында «Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесіне жергілікті бюджеттен күрделі шығыстарға бөлінген қаржының тиімділігін және салықтық емес түсімдердің толықтығы мен уақытылығына жүргізілген бақылау нәтижесі қаралды.

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы М.Ө. Нысанбаевқа 

ҚОРЫТЫНДЫ

1.Бақылаудың мақсаты:
Жергілікті бюджеттен күрделі шығыстарға бөлінген қаржының тиімділігін және салықтық емес түсімдердің толықтығы мен уақытылығын бақылау.

 

        Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015 жылдың 31 наурызындағы отырысында «Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесіне жергілікті бюджеттен күрделі шығыстарға бөлінген қаржының тиімділігін және салықтық емес түсімдердің толықтығы мен уақытылығына жүргізілген бақылау нәтижесі қаралды.
Бақылау қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1 249 584,3 мың теңгеге заң бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.

«Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік

мекемесі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналастыру үшін

конкурс жариялайды

«Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы» Ақтау қаласы, 14ш/а,№1 ғимарат облыс әкімдігі 3-қабат, 331 бөлме.

Анықтама алу үшін телефондар:335223, факс:335218, электрондық адрес: rev.komissiya@list.ru.cайт: esep-mangistau.gov.kz

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мемлекеттік мекемесіжәне ведомстволық бағыныстағы мекемелерге бюджет қаражатының пайдаланылуының сәйкестігіне және қаржылық есептілігіне

жүргізілген бақылау нәтижелері бойынша

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ММ, «Психоневрологиялық интернат-үйі» ММ, «Маңғыстау облыстық балалар психоневрологиялық интернат-үйі» ММ, «Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйі» ММ, «Маңғыстау облыстық мүгедектерді оңалту орталығы» мемлекеттік мекемелеріне тақырыптық бақылау жүргізілді.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы